Greenlink энергетикалық жобасы Уэльстегі Фрешуотер-Уэст жағажайындағы эльф Доббидің бейресми ескерткішін бұзбау үшін құбыр тарту бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Жобаның құны 430 миллион еврога бағалануда. Оның аясында Ұлыбританиядан Ирландияға күн және жел энергиясын тасымалдау үшін құбыр тарту жоспарланған еді. Жұмыстар Фрешуотер-Уэст жағажайына да әсер етуі мүмкін еді, деді жобаның бұрынғы директоры Саймон Ладлам.
Сага сюжеті бойынша, дәл осы жерде эльф Добби қаза тапқан. «Гарри Поттер» жанкүйерлері жағажайда осы кейіпкердің құрметіне бейресми ескерткіш жасаған. Жергілікті билік құбыр тартуға рұқсат беріп, бұл жаңалық БАҚ-та тараған кезде, энергетиктерге кітап пен фильм жанкүйерлерінен жүздеген ашулы қоңырау келе бастады. Нәтижесінде компания құбырды жағажайды айналып өтуге мәжбүр болды.
Сонымен қатар, Қазақстанның Түркістан және Жетісу облыстарында археологиялық ескерткіштер зақымданған. Бірінші жағдайда олар мақта егу салдарынан жоғалған, ал Жетісуда бірегей петроглифтер ГЭС каскадының құрылысына байланысты қауіп аймағында қалған.
Бұған дейін алматылықтар қаладағы қорғанның бұзылуын қызу талқылағаны хабарланған.


