Британия полициясы ханзада Арчи мен ханшайым Лилибет оқитан мектеп маңында оқу орнын бақылаған екі ер адамды байқағаннан кейін тергеу бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға Сассекс отбасы уақытша көшіп барған Британияда болды. Мектеп күзеті жақын жерде бірнеше сағат тұрған күдікті ақ фургонға назар аударды. Ішіндегілер ғимаратты бақылап отырған.
Күзет қызметкерлері көліктің нөмірін құқық қорғау органдарына берді. Көлік жалға алынғаны, ал шарт жасасу кезінде халықаралық папарацциге тиесілі жүргізуші куәлігі пайдаланылғаны анықталды.
Ахуал ханзада Гарри мен Меган Марклді қатты алаңдатты. Олардың балалары жаңа оқу орнына небәрі екі аптадан бері барады. Арчи мен Лилибетті бұрынғы мектептен ауыстыруға балалардың күнделікті жол жүруін қауіпті деп есептеген жеке күзет қызметінің қауіптенуі себеп болған.
Жергілікті басылымдар Британияның баспасөз реттеушісімен келісімді ұстанып, корольдік отбасының үйі мен мектебінің орналасқан жерін жарияламайды, алайда шетелдік фотографтар бұл ережелермен байланысты емес.
Оқиға туралы ақпарат Британия ІІМ-нің арнайы комитетіне жіберілді, ол қазір ханзада Гарридің отбасына елде болған уақытта ресми полиция күзетін беру туралы сұрауын қарастырып жатыр.


