Банк ЦентрКредит Global Business Outlook халықаралық басылымының «Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған ең инновациялық банк» (Most Innovative SME Bank – Kazakhstan 2026) сыйлығына ие болды. Бұл марапат банктің кәсіпкерлерге арналған озық шешімдерді әзірлеудегі көшбасшылығын растайды, деп хабарлайды infohub.kz.
Global Business Outlook сарапшылары БЦК-ның МШБ-ға қызмет көрсетудегі кешенді тәсілін жоғары бағалады. Негізгі жетістіктердің қатарында — қаржыны кез келген уақытта басқаруға мүмкіндік беретін жаңа BCC Business мобильді қосымшасы, несиелер мен кепілдіктерді онлайн ресімдеу, сондай-ақ эскроу-шоттар мен эскроу-қолхаттарды айырбастау арқылы қауіпсіз мәмілелер сервистері. Валюталық бақылау бойынша кеңестерге арналған видеобанкинг және валюталық жұптардың ең кең спектрі бар FX-айырбастау пункті ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, банк цифрлық теңгемен есеп айырысуды қоса алғанда, цифрлық төлем инфрақұрылымын дамытып, интернет-эквайринг пен сауда эквайрингін жылдам қосуға мүмкіндік береді.
«Шағын және орта бизнес — банк үшін басым бағыттардың бірі. Біз бизнес талаптары үнемі өзгеріп отыратынын түсінеміз, сондықтан технологияларды дамытып, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, банкпен өзара әрекеттесу кезінде клиенттік тәжірибені жақсартып, оны барынша қарапайым әрі тиімді етеміз», — деп атап өтті Банк ЦентрКредит президенті Руслан Владимиров.
Global Business Outlook — бизнестің әртүрлі бағыттарындағы, инновациялар мен салаларды дамытудағы жетістіктері үшін компаниялар мен қаржы ұйымдарын жыл сайын атап өтетін халықаралық іскерлік басылым. Қатысушыларды бағалау кезінде олардың нарықтағы позициясы, қол жеткізген нәтижелері, жүзеге асырылған бастамалары, өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ тиісті секторды дамытуға қосқан үлесі ескерілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген № 1.1.856.145 әмбебап банктік лицензиясы, 05.08.2026 ж.


