Тұрақты картотекалық сабақ жоспары.
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың түрі, қолданылатын әдіс: дәстүрлі, түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі, қажетті құралдар мен әдебиеттер: тақырыпқа байланысты үлестірмелер, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1 Үндестік заңы туралы түсінік.
2. - жаттығу
ІІІ. Білім тексеру
Терме диктант жазу.
- Һе - е ей!..- деген дауысқа қысылған Ботагөз жалт қараса, жүгіріп келе жатқан Кенжетай екен. Қаз одан қаймыққандай қанатын жинап, мамырлап кейін жөнелді.
- Қалай, бала, қорықтың ба?! – деді Кенжетай қалжыңдап.
Ботагөз ұялғандай тұнжырап, төмен қарады.
- Әй, балақай қаздан қорыққан!..
Ботагөздің қалжыңға азық болғысы келмей:
- Қорықпағанда... тістеп алса...- деді басын көтеріп
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса – жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер - лі, жет - ер, бақыт - ты, қазір - гі, кітап - ты, математика - дан, т. б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1) Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, сәнімен, т. б.
2)- нікі, (- дікі,- тікі), - тай, - тал, - дар, - еке, - тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндер, ағаеке, өсімтал;
3)- бей, - би, - кер, - гер, - қор, - паз, - қой, - кеш, - хана, - кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер зиянкес;
4)- ов, - ова, - ев, - ева, - ин, - ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина, т. б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
316 – жаттығу
• Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.
• 321 - жаттығу
Қорытындылау:
Үйге тапсырма(жекелеп, топтап) Оқулық: Қазақ тілі бет, 138 жаттығу
Ереже жаттау, 317, 318 - жаттығу
Дид. әдебиеті: бет жаттығу
Сабақтан тыс, қосымша оқу
Мұғалім: Ихсанов Айбек Серғазыұлы
Буын үндестігі. жүктеу
Буын үндестігі
Тұрақты картотекалық сабақ жоспары.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз753 қаралым
#фонетика#тіл дыбыстары#буын үндестігі#сабақ жоспары қазақ тілі 5 сынып
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

