Жамбыл облысында тоғызыншы сынып оқушысының анасы ұлы жасаған буллинг үшін 43 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды infohub.kz.
Мойынқұм аудандық соты кәмелетке толмағанның анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігі (12-16 жас аралығындағы адам жасаған буллинг) бойынша әкімшілік іс қарады. Оқиға 2026 жылғы мамырда болған.
Аталған мектептің 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушыларынан ақша талап еткен. Осыған байланысты жасөспірімнің анасына хаттама толтырылған. Буллинг жасағаны дәлелденген.
Сотта азаматша Ж. аталған жағдайды мойындап, бұдан былай ондайға жол бермейтініне уәде берді. Прокурор оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды сұрады. Баптың санкциясы ескерту немесе ата-анаға 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді.
Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтамады. Сот қаулысымен ана кінәлі деп танылып, 43 мың теңге айыппұл салынды. Шешім заңды күшіне енді.


