Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты:. Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Сабақтың түрі:
Ойын арқылы оқыту сабағы
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларға жануарлар дүниесін түсініп, қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Энциклопедия, тапсырмалар, суреттер.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты меңгерту.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ:
Бунақденелілер - типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар ғаламшарымыздың түкпірлерінде кең таралған түрі. Олардың 700 000 миллионға жуық түрлері бар деп есептейді. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Буынаяқтылардың негізгі ерекшелігі - 3 бөлімнен тұрады.
Олар: Бас, көкірек, құрсақ бөлімдері. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, көздер баста орналасады. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбейю мүшелері құрсағында болады. Тыныс алуы - демтүтік арқылы тыныс алады.
Бунақденелілерге:
қоңыздар, шыбындар, аралар, масалар, көбелектер, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жорғалап, ұшып жүріп те тіршілік етеді. Кейбіреулері суаршын, суқандала, сушалқақ зұламат суда тіршілік ететіндер. Адам мен жануарларда паразиттік өмір сүретіндерге бит, бүрге, қандала, топырақ астында өмір сүретіндерге бұзаубас түрлері бар. Ауыз мүшелері сан түрлі – сүзіп жалаушы, кеміруші, шаншып сорушы, кеміріп жалаушы, түтік тәрізді ауызбен сорушы.
Бунақденелілердің дамуы 3 түрлі жолмен өтеді. Олар тура даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан ересек бунақдене ұқсас жәндіктердің шығуы.
Тура даму - жұмыртқа - имаго,
Шала түрленіп даму - жұмыртқа - дәрнәсіл - имаго
Толық түрленіп даму - жұмыртқа - дәрнәсіл - қуыршақ - имаго.
Бунақденелілердің ересек күйге аусуы – имаго Имаго ағылшынша – ересек құрт.
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология ентема - бунақдене+логос - ғылым.
Тапсырма:
6 - сыныпта өткенді еске түсіру арқылы,
бунақденелілердің аяқтарын ажыратамыз
Қортынды:
Үйге тапсырма: § Бунақденелілер.
Толық нұсқасын жүктеу
Бунақденелілер
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер
2024 ж. 4 наурыз845 қаралым
#биология#бунақденелілер
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

