«Бурабай» ұлттық паркінде жеті танымал туристік маршрутта бейнебақылау камералары іске қосылды. Бұл келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпті бақылауға көмектеседі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Kursiv LifeStyle-тің анықтауынша, құрылғылар «Бөлектау» тауының бақылау алаңына, «Махаббат алаңына» («Махаббат алқабы»), «Аютас», «Кебістас» («Туфелька»), «Максимка» жартастарына, сондай-ақ «Мойнақ жартасы» («Перешеек») және «Иманай бұлағы» («Иманаевский ручей») алаңдарына орнатылған.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі бұл жүйенің келушілер қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, маршруттарға келушілер саны туралы объективті деректер алуға және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Бейнебақылау кез келген уақытта адамдарды тани алады және 100 метрден астам қашықтықта айналаны толық шолуды қамтамасыз етеді. Камералардан алынған деректер нақты уақыт режимінде ұлттық парктің жедел басқару орталығына жіберіледі, бұл оқиғаларға ден қоюды айтарлықтай жылдамдатады.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle «Бурабай» ұлттық паркінің көлдерде инфрақұрылымның жоқтығы, атап айтқанда, қосымша дәретханалардың орнатылмау себептері туралы түсіндірмесін жариялаған болатын.


