Математика 2 - сынып
Тақырыбы: Бұрыш түрлері
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері.
Сабақтың мақсаты:
- Бұрыш түрлерімен (тік, сүйір, доғал) таныстыру;
- Көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып - үйрену;
- Жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Ойын «Есептеу машинасы». (Флипчартпен жұмыс)
23 - 3+40+8+10 - 70 - 6+30 (32)
7+9 - 10 - 2+80 - 4 - 20+5 - 60 (5)
13 - 8+50 - 5 - 40 - 7+60 - 3+7 (67)
Математикалық диктант.
1. 8 - ді 7 - ге арттырса 15 шығады.
2. 1 дм 9см - ден кіші.
3. 17 мен 9 - дың айырмасы 8 - ге тең.
4. 8 бен 8 - дің қосындысы 16 - ға тең.
5. Қосуға кері амал, көбейту.
Дұрыс Бұрыс
ІІ. Мағынаны тану.
- Фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?
(бұрыштар, төртбұрыштар)
- Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты анықта.
(Электронды оқулықпен жұмыс)
Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты анықтай аласың.
Бұрыш тік бұрыштан кіші болса, сүйір бұрыш деп аталады.
Бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, доғал бұрыш деп аталады.
Оларды дәптерге салу.
Сергіту сәті.
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол - аяқты кезекпен,
Оңға - солға созамыз.
Күн шыққанда сүйініп,
Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі - жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз.
№3. Тік бұрыштардың, көпбұрыштардың және бұрыштардың төбесін ата.
Орындаған: Ахметова Л. Ж.
Бұрыш түрлері жүктеу
Бұрыш түрлері
Математика 2 - сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз676 қаралым
#бұрыш түрлері#көпбұрыштардың элементтері#сүйір бұрыш#тікбұрыш#доғал бұрыш
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

