Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық донорларға Непалға шұғыл көмекке 49,6 миллион доллар бөлуге шақырды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Төрт айлық шұғыл әрекет ету жоспары Непал үкіметімен бірлесіп әзірленді. Оның басты мақсаты — қыс түскенге дейін таулы аймақтардың тұрғындарына қолдау көрсету. Қаражат зардап шеккен отбасыларға тікелей ақшалай көмек беруге, уақытша баспана және суықтан қорғайтын материалдармен қамтамасыз етуге, таза су, гигиеналық жиынтықтар мен жылдам тазарту жүйелерін жеткізуге, эпидемияның алдын алу үшін мобильді медициналық клиникалар ашуға, сондай-ақ портативті күн генераторлары мен азық-түлік сатып алуға жұмсалады.
Сонымен қатар, Катмандуға ЮНИСЕФ пен Еуропалық одақтың алғашқы гуманитарлық жүк ұшағы келді. Ол 84 тонна дәрі-дәрмек, шатыр және қысқы киім әкелді. Непал билігі елдің инфрақұрылымын қалпына келтіруге миллиардтаған доллар қажет екенін айтады.
Бұған дейін 2026 жылғы 26 тамызда Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданы шекарасында мұздықтың құлауы Гималайда ауқымды су тасқынын тудырғаны хабарланған болатын. Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандар саны 1294 адамға жетті, мыңдаған адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті. 84 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Жолдар, көпірлер, электр желілері мен сумен жабдықтау жүйелері қираған.


