Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Дуйсебаева
Би үйірмесі жоспары
Оқу - тақырыптық жоспары 3-4 сынып
Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Төменгі сынып оқушылары арнаулы қондырғысыз - ақ залдың ортасында бимен айналысуына болады. Ол үшін ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларына көбірек көңіл бөлуі қажет. Олар қимыл қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамытады.
Мақсаттары:
Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Сезіну, есту қабілетін дамыту.
Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.
Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.
Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.
Толық нұсқасын жүктеу
Би үйірмесі жоспары
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Дуйсебаева
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз811 қаралым
#би үйірмесі жоспары#тақырыптық жоспар музыка
Ұсынылады
Зейнеп Ахметова Мақпал Жүнісоваға ренішін білдірді: Желі қолданушылары не дейді?
Белгілі қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова әнші Мақпал Жүнісоваға деген көңілін айтты. Желідегілердің пікірі қандай?
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 ақпан
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст Dimash Kudaibergen Mahabbat ber magan Download 迪玛希
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
Adam - Жүрек скачать Минус Текст Zhurek
Adam Жүрек скачать Минус Текст песни Zhurek Адам Жүктеу Ән сөзі Журек Скачать
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

