Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі

Билл Гейтске табысты болуға не көмектесті? Сіз де ол сияқты мықты, табысты, оқымысты болғыңыз келе ме? Онда танымал адамнын 10 ережесіне назар салыңыз. Осы ережелерді ұстану арқылы сіз де арманыңызға жақындай түсесіз.

1. Бәсекеге қабілеттілік. Жоғары ақыл-парасатынан және мүмкіндіктерді қалт жібермейтін қабілетінен өзге, Билл өзіне тең адамдардың арасында мықты болғандығын достары да айтады. Осылайша, бәсекеге қабілеттілікті басқа адамдармен бірдей мүмкіндікте бола тұра олардан суырылып шыға алғандығымен анықтауға болады. Дамығыңыз келетін саланы таңдаңыз, және сол салада жетістікке жетуге тырысыңыз. Міндетті түрде алдыңызға мақсат қойыңыз, күнделікті нәтижені жақсартуға тырысыңыз.

2. Табандылық. Нақты бір тапсырманы жауабы табылғанша табандылықпен іздену табысқа жетелейді және кез келген мәселені шешуге көмектеседі. Мақсатқа жетер жолда міндетті түрде кедергілерге тап боласыз, соларға дайын болу керек, және жоспарлы түрде әрдайым алға жылжи беру керек.

3. Кітап оқу. Билл Гейтс қана емес, көптеген табысты адамдар кітап оқуды дұрыс деп санайды. Олардың табысқа жетуінің бірден-бірі сыры жаңа білім алып отыруында, ақыл-парасатын дамытып отырғандығында.

Кітап оқу:

a. Зейін қоюды жаттықтырады – ақпаратты қабылдау үшін бар зейініңді сол ақпаратқа ғана салуды талап етеді;

b. Ақыл-парасатты жаттықтыру мен дамытуға көмектеседі – оқу кезінде мақаланы саралау, бағалау іске қосылады;

c. Есте сақтауды жаттықтырады;

d. Білім алуды, басқа адамдардың тәжірибелері мен қандайда бір жағдайларға көзқарасын білуге мүмкіндік береді.

4. Ең маңызды, бір тапсырмаға ден қоя білу. Бірнеше істі бірдей алып жүру біреуін де толыққанды аяқтауға мүмкіндік бермейді. Егер сіз нақты бір жұмыспен айналысып жүрген болсаңыз, онда бар көңіліңізді соған бөліңіз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз.

5. Өз қабілетіңді дұрыс бағалау. Біз бар жағынан мықты, табысты бола алмаймыз, кейбір заттар қолымыздан келіп жатса, кейбір тұста әлсіздік танытамыз. Бұдан өзге, бәрін қамту мүмкін емес. Нақты бір салаға қатысты мүмкіндіктеріңізді, қабілетіңізді дұрыс бағалаңыз. Алдыңызға қандай мақсат қоясыз, соңында неге жетпек ойыңыз бар, және сол бағыт бойынша жүріп отырыңыз.

6. Қолыңнан келетін істі жаса. Достарыңа ілесіп, немесе сәнді болғаны үшін бір іспен айналысу, нәтижесінде қателікке және түңілуге әкелуі мүмкін. Қалауыңызға сай келмесе де, қолыңыздан келетін, жасай алатын істі жасаңыз.

7. Тиімді жолды іздеңіз. Табысқа жетелейтін ең қысқа жолды іздеңіз, артық күш, уақыт пен ақша жұмсамай-ақ оңтайлы шешім таба алатындай болыңыз. Әр нәрсенің бірнеше шешімі болады, соның ең табыстысын анықтай алатын болыңыз.

8. Ыждаһаттық. Жалқаулық табысқа жетелемейді. Әрдайым өзіңмен жұмыс істеп, шешімін іздеп, алға жылжып отыру керек.

9. Өз командаңды жасақтау. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, жалғыз жүріп тамаша нәтижеге қол жеткізу қиын. Сіздің ойыңызды қолдайтын, қызметіне адал адамдарды таңдап алыңыз.

10. Өзіңді сырттай бағалай алу. Өз-өзіңе сыни көзбен қарау өз кемшіліктерің мен қателіктеріңді көріп, уақытында түзеуге мүмкіндік береді.

Билл Гейтстің осы ережелерін пайдалану арқылы міндетті түрде өміріңіздің сапасын арттырып, таңдаған салаңызда табысқа жетесіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама