Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. [1. 38б]Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуына ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Осы оқуда қолданылатын әңгімелеу түрлері: әңгіме - дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Оқушылар сыныптастарымен, құрдастарымен диалог жүргізген кезде сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады. [1. 40б] Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалог - сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы, оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым - қатынас. Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым - қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым - қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісін қалыптастырады. Класта оқушыларға сұрақ қою үлгісі «бастама - жауап - кейінгі әрекет» бойынша жүзеге асады. Мерсердің (1995) бұл модель әңгіме сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатынын көрсетеді. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушыларға дұрыс қойылған жағдайдағы сұрақ, сабақ берудің тиімді құралына айналады және оның оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта, кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін, мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі болады. Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Төмен дәрежелі сұрақтар нақты бір жауап арқылы қайтарылады, ал жоғары дәрежедегі сұрақтар оқушылардың білім алуына түрткі болу үшін әр түрлі техникаларды пайдалана білуіне, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты пайдалануға болады. Түрткі болу сұрақтары оқушының жауабын алу үшін және оқушы жауабын түзетуге көмектесу үшін қолданылады. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушылардың өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажетті. Мен тәжірибеммен теорияны ұштастыру мақсатында Мерсердің сілтемесіне сүйене отырып, оқушыларға төмен деңгейдегі сұрақ қоюдан гөрі жоғары деңгейдегі сұрақ қоюдың ерекшелігін байқадым. 9 - сыныппен жүргізілген «Жасуша құрылымдары: плазмалық мембрана, цитоплазма, ЭПТ, гольджи жиынтығы, лизосома» тақырыбында «Мен саған, сен маған», «ЖИГСО», «Жуан және жіңішке сұрақтар»; «Блум таксономиясы» мен «Венн диаграммасын» әдістерін қолдандым. Бұл әдістерді қолданған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды: бүгінгі тақырыпты қалай әңгімелер едің? Сабаққа сіздер қандай әрекет жасайсыңдар? Бүгінгі тақырыпты қалай салыстырар едің? Осы сұрақтар арқылы оқушылардың бойына іздену, терең ойлауға ұмтылыс жасауды көздедім және осы сұрақтарды жеке, жұптық және топтық жұмыстар жасау арқылы кіріктірдім. Осы әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда оқушылар сындарлы сөйлей білуге ынталанды, сыныптастарына сұрақтар қойып, түсінік берді, тыңдай білуді үйренді.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Саға мектеп – бала бақшасының биология пәні мұғалімі
Жақсыбай А. Е.
Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы. жүктеу
Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы
Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз584 қаралым
#баяндама#биология пәнін оқыту#диалогтік оқытудың маңызы
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

