Әдебиеттік оқу 4 класс
Сабақ тақырыбы: Д. Мыңжасарқызы. Мектептен жырақ жол
Мақсаты: Білімділік: мәтіннің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын аша білу, түсінгенін жүйелі баяндауға үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, тіл байлықтары мен сөздік қорларын, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын арттыру, өз ойларын дәлелдеуге жетелеу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сілтеме: 4 - сынып әдебиеті, әдебиетті оқыту әдістемесі, слайдтар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: мәтіннің идеясын түсінеді; сөздік қоры дамиды, ой - пікірлерін еркін жеткізеді;
Негізгі идеялар: Жазушының негізгі айтпақ ойы.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, АКТ
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, топтастыру, диалогтік оқыту, топтық тапсырмалар
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, интернет көздерінен алынған материалдар.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: ("Қызығушылықты ояту")
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Әр оқушы өздеріне ұнайтын фигураны таңдайды. Әр фигура бойынша оларға мінездеме беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Жаконың шын аты кім еді?
2. Жако күннің қай уағында жоғалып кетті?
3. Олар қандай ойын ойнады?
4. Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті?
5. Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді?
6. Жаконың өзіндік ерекшелігін айт.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзің үшін қандай сабақ немесе үлгі алдың?
І. Қызығушылықты ояту
ойын автоматтары туралы не білесіңдер?
Олардың пайдасы немесе зияны туралы пікір таластыру.
1 - топ Қолдайды.
2 - топ Қарсы
3 - топ Қорытады.
ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді топта оқу, талдау.
Сөздік жұмыс.
Жырақ – алыс, қашық.
Төбесінен жай түскендей етті – қатты таңдандырды.
Құдды – кәдімгі.
Қуыстану – ыңғайсыздану.
2. Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып оқу.
интерактивті тақтадан мультфильм үзіндісін көрсету, кейіпкерлердің қимылын қайталау.
Д. Мыңжасарқызы. Мектептен жырақ жол жүктеу
Д. Мыңжасарқызы. Мектептен жырақ жол
Әдебиеттік оқу 4 класс
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз600 қаралым
#әдебиеттік оқу 4 класс#мыңжасарқызы#мектептен жырақ жол
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

