Дағыстанда тойда басталған жанжал кісі өлтірумен аяқталды. 24 жастағы жігіт бірнеше пышақ жарақатын алып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды infohub.kz.

Бұл қайғылы оқиға Сулейман-Сталь ауданының Ашага-Стал-Казмаляр ауылының шетінде болды. Полиция мәліметінше, 24 жастағы жігіт пен 27 жастағы ауыл тұрғыны бұрын бір ауылдасының тойында жанжалдасып қалған.

Кейін екі ер адам келіспеушілікті шешу үшін кездескен. Алайда әңгіме қайтадан жанжалға ұласып, 27 жастағы күдікті қарсыласына бес рет пышақ салған.

Ауыр жараланған жігітті ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Полиция күдіктіні ұстады. Тергеу материалдары Дағыстан бойынша Тергеу комитетіне берілді.

Бұл факті бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі – «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер жанжалдың нақты себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде қаза тапқан адам сол күні үйленген құйеу жігіт болғандығы және шабуыл үйлену түні болғандығы туралы ақпарат тарады. Кейбір хабарларда жанжалдың себебі ақша болуы мүмкін екендігі айтылды.

Алайда ресми органдар бұл деректерді растаған жоқ. Тергеу жалғасуда.