Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дүниетану, 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға, ұжымшылдыққа, топпен, жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, көрнекілік, сұрақ - жауап, ой толғау
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, тақырыптық суреттер, тестілік тапсырмалар, мәтіндер, тірек - сызба
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық. Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз,
Сәлем берейік үлкенге!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өзіміздің елімізде өсетін өсімдіктер жайлы қандай мәліметтер жинап келдіңдер?
Оқушылар жинап келген мәліметтерін айтады.
- Балалар, осы аталған өсімдіктер, жануарлар, құстар жайлы бүгінгі сабақта айтылады.
Жаңа сабақ.
1) Фильмді тамашалау
- Ендеше, балалар өсімдіктері мен жануарлары жайлы дайындалған фильмді тамашалайық.
- Фильмде көрген өсімдік, жануарларымыз қайда өмір сүреді?
- Далада.
- Осы фильмді көре отырып, бүгінгі тақырыбымызға болжам жасап көріңдерші.
- Олай болса, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Дала өсімдіктері мен жануарлары» деп аталады.
- Осы өсімдіктер мен жануарлар жайлы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?
- Балалар, мына слайдта не бейнеленген?
- Дала.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. жүктеу
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз645 қаралым
#дүниетану 4 сынып#дала жануарлары мен өсімдіктері#дала өсімдіктері мен жануарлары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

