Дүниетану 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тағам және сусындар.
Тақырыбы: Дәмді әрі пайдалы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 1. 1. 4. 2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Дұрыс тамақтану қажеттілігін біледі,
Көптеген оқушылар:
Дәмді әрі пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді
Оқу дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері: Дұрыс тамақтану туралы айтады;
Пайдалы және зиянды тағамдарды анықтайды
Тамақтану режимін сақтау туралы әңгімелейді
Тілдік мақсат: Дәмді, пайдалы, тағамдар, тағам түрлері, зиянды, ас әзірлеу, ас мәзірі, т. б. сөздер мен терминдерді пайдаланады
Құндылықтарға баулу: Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, сауат ашу, көркем еңбек
АКТ Слайд, музыка, ресурстар
Алдыңғы оқу: Ертеде қалай тамақтанған? Біз қалай тамақтанамыз?
Басы (5 минут)
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, жалпы жан - жақты дайындығын тексеру. Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық:
Ойға толсын санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
2. Алдыңғы меңгерген тақырып бойынша білімді тексеру.
«Ашық микрофон»әдісі
1. Ертеде қалай тамақтанған?
2. Ертеде адамдардың негізгі тағамдары не болған?
3 Шөл даланың наны» деп нені атайды?
4. Тамаққа тағы нелерді пайдаланған?
Жарайсыңдар? 2) Сыныпты жемістер арқылы 3 топқа біріктіру.
1 топ: Құлпынай 2 топ: Алма 3 топ: Өрік:
Топ ережесі:
1. Тәртіп сақтау; 2. Уақытты тиімді пайдалану; 3. Басқаның пікірін тыңдау; 4. Ұйымшылдық көрсету.
«Ойлан»Таңдаған жемістер жайлы әр топтың ойын тыңдау
• Балалар бұлар нелер?
• Дәмі қандай?
• Адам ағзасына пайдалы ма зиянды ма?
• Жарайсыңдар. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Олай болса біздің тақырыбымыз
«Дәмді әрі пайдалы» деп аталады.
Мақсатын хабарлау.
- Сен қалай тамақтану керектігін білесіңдер;
- Дұрыс тамақтану ережесін құрастырасың:
Мұғалімнің есімі: Кошниязова О.
Тағам және сусындар. жүктеу
Дәмді әрі пайдалы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тағам және сусындар.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз577 қаралым
#дұрыс тамақтану#дәмді әрі пайдалы#тағам және сусындар#тамақтану режимін сақтау
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

