Бисертидегі екі жасар Саша жаңа үйде әкесіне еден тақтайларын бекітуге көмектесіп жүріп, сүрініп кетіп, құлап қалды — сөйтіп бұранда оның көзіне кіріп кетті. Ресейлік дәрігерлер баланың көзін сақтап қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Свердлов облысы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бала жөндеу кезінде әкесіне көмектескісі келген. Әкесінің қасында ойнап жүріп, бала сүрініп құлаған, содан кейін бұранда көзіне кіріп кеткен.
Ата-анасы ұлын Бисерти аудандық ауруханасына апарды. Онда балаға рентген жасалды. Бөгде зат көз ұясының төменгі қабырғасының астына терең еніп, жоғарғы жақ қуысына жеткені анықталды.
Дәрігерлер Екатеринбургтегі №9 Балалар қалалық клиникалық ауруханасындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Баланы анасымен бірге жедел жеткізді. Онда отаға анестезиология және реанимация, офтальмология, жақ-бет хирургиясы және травматология бөлімшелерінің мамандары қатысты.
Жақ-бет хирургі Сергей Пименовтің айтуынша, бұранда өмірлік маңызды құрылымдарды зақымдамаған.
Отадан кейін дәрігерлер Сашаның жағдайын бірнеше күн бақылады. Ота сәтті өтті: дәрігерлер баланың көзін сақтап қалды.
Медиктер құрал-саймандарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ кішкентай балаларды қауіпті істерге жолатпау маңызды.
Бұған дейін Kursiv Health тастан үшқан жарықшақтан көзінен айырылып қала жаздаған алматылық туралы жазған болатын.


