Англиялық «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойынын жоғары бағалады. 17 жастағы футболшы лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сатпаев «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, командасының 6:4 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Матч сейсенбі, 28 шілдеде өтті.
«Мен Дастанды өткен жылдан бері білемін, ол кезде ол Алматыда ойнайтын. Бұл — ерекше футболшы екені көрініп тұр. Ол қақпаға үнемі қауіп төндіреді, сызықтар арасында өте жақсы шабуылдайды, соның ішінде шеттен орталық шабуылшыға жақындаған кезде де. Бұл — оның Алматыдан көшіп келгеннен кейінгі алғашқы тәжірибесі. Ол клубтағы алғашқы қадамдарын енді ғана жасап жатыр. Бірақ оның өте күшті және жылдам ойыншы екені анық. Ол сіздерді әлі таңқалдырады», — деді Алонсо баспасөз мәслихатында.
Өткен күзде испандық маман Мадридтің «Реалын» басқарған кезде, сол кезде Сатпаев ойнаған «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасының матчы үшін Алматыға келген еді.
Қазақстандық ойыншы «Челсиге» биылғы жазда ауысты. 12 тамызда ол 18 жасқа толады, бұл оған лондондықтар сапында ресми деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.


