Синоптиктер Қазақстан өңірлерінде 29 қыркүйек, сейсенбі күні дауылды ескерту жариялады. Бірқатар облыстар мен қалаларда үсік, қатты жел, тұман және найзағай күтіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Қазгидромет» РМК дерегінше, Астанада 29 қыркүйекте солтүстік-шығыс, шығыс жел соғады, күндіз екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Түнде топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі, өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында түнде аздаған жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыс, шығыс жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында түнде -1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Павлодар облысында солтүстік-шығыс жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Абай облысында солтүстік-шығыс жел соғады, облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-шығыс жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Маңғыстау облысында шығыс жел соғады, облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Ақмола облысында солтүстік-шығыс, шығыс жел соғады, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Түркістан облысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Шымкентте солтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Шығыс жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде түнде -2 градусқа дейін үсік болады.
Атырау облысында өрт қаупі жоғары болып қала береді, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі төтенше.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыс, шығыс жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыс жел соғады, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өрт қаупі төтенше болып қала береді.


