Қазақстанның 17 өңірінде 7 тамызда қатты ыстық пен мол жауын-шашынға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Қазгидромет» синоптиктері қолайсыз ауа райы туралы ескертті. Батыс Қазақстан облысында +35…+38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысында да +35…+38 градусқа дейін ыстық және төтенше өрт қаупі болжанады.
Қарағанды облысында тұман, желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысында күндіз +35…+36 градусқа дейін қатты ыстық, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысында термометр бағандары +35…+38 градусқа дейін көтеріледі, желдің екпіні 15-18 м/с, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ және құйын күтіледі, түнде және таңертең тұман, жел 23 м/с-қа дейін күшейеді, бүкіл аумақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және құйын, түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді, ормандарға жоғары және төтенше өрт қаупі төнеді. Алматы облысында аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз +35…+36 градусқа дейін қатты ыстық, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін, жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және құйын, кей жерлерде нөсер әсіресе қатты болады, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с-қа дейін, жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз термометр бағандары +40 градусқа дейін көтеріледі, жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с-қа дейін, ормандарға жоғары және төтенше өрт қаупі төнеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с-қа дейін, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр мен найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, күндіз +38…+40 градусқа дейін қатты ыстық, жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с-қа дейін, күндіз +40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысында жаңбыр мен найзағай, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай, күндіз +35…+36 градусқа дейін қатты ыстық, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с-қа дейін, аймақтың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақмола облысында таңертең тұман, батысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталығында жоғары болады.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның жеті облысына тамызда қуаңшылық келетінін жазған еді.


