Қазақстанның бірқатар өңірінде 10 тамызға дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы 35-38 градусқа, ал облыстың солтүстігінде 42 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Ұлытау облысында да 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады, өрт қаупі төтенше. Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз шығыста және оңтүстікте екпіні секундына 15-18 метр, ауа температурасы 35-38 градус, шығыста және оңтүстікте өрт қаупі төтенше.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, Алакөл көлдері маңында екпіні секундына 15-20, кейде 23-28 метрге жетеді. Күндіз 35-37 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі жоғары және төтенше.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, кешке қарай қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градус, батыста және солтүстікте өрт қаупі төтенше. Алматы қаласында қатты ыстық — 35 градус.

Маңғыстау облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен күшейеді, күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта екпіні секундына 15-20 метр. Батыста өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығыста және орталықта төтенше.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше.

Түркістан облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы 36-39 градус, өрт қаупі төтенше.

Ақмола облысында жел күшейеді, күндіз батыста және солтүстікте екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы 35-38 градус, батыста өрт қаупі төтенше.

Қызылорда облысында қатты ыстық — 40-43 градус, өрт қаупі төтенше. Қостанай облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел оңтүстік-шығыстан, екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы 35-37 градус, өрт қаупі жоғары және төтенше.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, ауа температурасы 38-40 градус, өрт қаупі төтенше.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде және таңертең тұман, күндіз шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы 35-37 градус, өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысында түнде және таңертең тұман, күндіз ауа температурасы 35-38 градус, өрт қаупі жоғары. Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы 35-38 градус, өрт қаупі жоғары және төтенше.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстікте екпіні секундына 15-20 метр, оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін, өрт қаупі жоғары және төтенше.