Дефектолог маманның жылдық жоспары
Мектептегі мұғалім - дефектолог
Мұғалім - дефектолог – өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, мейірімді, бастамашыл, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға.
Дефектологтың міндеттері:
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар және жасөспірімдермен оқыту - түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Балалар дамуындағы кемшіліктің құрылымы мен деңгейін анықтап, балалардың психофизикалық жағдайын ескере отырып топтарды жүйелеу;
Бұзылған функцияларды қалыпқа келтіру(компенсация), дамудағы ауытқушылықты жою мақсатында топтық және жеке сабақтар өткізу
Оқушылардың әлеуметтік бейімделіп, мектеп бағдарламасын игерулеріне жәрдемдесу;
Оқытудың әртүрлі әдіс - тәсілдерін, құралдарын қолдану;
Арнайы және түзету мекемелерінде сабақ беретін пәнінің спецификасын ескере отырып, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) дамуындағы кемшілікті түзетуге бағытталған оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру;
Ата - аналармен (ата - ана орнындағы тұлғалармен) байланыс жұмыстарын жүргізіп, балаларға көмек көрсетудің арнайы әдіс - тәсілдері туралы кеңес беру.
1 Балалардың таным процестерінің даму ерекшелігін тексеру
2 Жазбаша және ауызша сөйлеу тілін, оқу және жазу дағдыларын тексеру
3 Педагогикалық - медициналық - психологиялық тексерістің нәтижесімен танысу
4 Сабақтарға қатысу, оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау
2. Түзету - дамытушылық бағыт
1 Балаларды үнемі бақылай отырып, жеке және топтық сабақтарды жүргізу
2 Дамудағы алғашқы кемшілікке байланысты үлгірмеуді болдырмау, алдын - алуға жәрдемдесу
3 Балалардың заттық практикалық іс - әрекетін үнемі ұйымдастыру, қадағалау арқылы дамыта түсу
4 Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлауын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу. коммуникативтілігі, өзін қоршаған ортамен өзара іс - әрекетін дамыту
5 Психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу
6 Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың математикалық білім деңгейін арттыру, оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту
3. Ағартушылық - кеңес беру жұмыстары
1 Ата - аналармен жұмыс
2 Педагогтармен, психологпен байланыс жқмыстарын жүргізу
3 Ата - аналар жиналысына қатысу
4. Әдістемелік жұмыс
1 Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
2 Жеке дамыту бағдарламаларын құру
3 Сабаққа қатысым журналын белгілеу
4 Сабақ жоспарларын құру
5. Дефектолог кабинетін жабдықтау
1 Әдістемелік құралдар көрнекіліктер дайындау, жинақтау
2 Әдістемелік әдебиеттер жинақтау
Мектеп – дефектологы: Ж. Д Салимбаева
Дефектолог маманның жылдық жоспары. жүктеу
Дефектолог маманның жылдық жоспары
Дефектолог маманның жылдық жоспары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1016 қаралым
#түзету жұмыстары#дефектолог#дефектолог жылдық жоспары#даму мүмкіндігі шектеулі балалар
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

