Прокурорлық тексеру нәтижесінде Атырау облысының бюджетіне қосымша 250 млн теңгеден астам қаражат түсті. Тексеру барысында мүлік салығы бойынша базаны жаппай төмендету анықталған. Жосықсыз салық төлеушілер салық жүктемесін азайту мақсатында декларацияларда объектілердің ауданы туралы жалған мәліметтер көрсеткен, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Атап айтқанда, «М» ЖШС 2025 жылы 14 700 ш.м. ауданға сәйкес 9,2 млн теңге мүлік салығын төлеген. Алайда тексеру кезінде объектінің нақты ауданы 28 827,3 ш.м. екені анықталды. Осы салық төлеуші бойынша жеткіліксіз төленген сома 8,5 млн теңгеден асқан.

Тағы 63 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша да осындай бұзушылықтар анықталды. Прокуратура араласуының нәтижесінде бюджетке 250 млн теңгеден астам сома өндірілді.