Қазақстандықтардың жалпы депозит көлемі 30 трлн теңгеден асып, өсіп келеді. Бұл ретте шетел валютасындағы жинақтардың үлесі азайды. Ел тұрғындары қанша қаржы жинағанын NUR.KZ материалынан оқыңыз... деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Маусым айында Қазақстан халқының банктік салымдары алғаш рет 30 трлн теңгеден асты. Шілдеде бұл сома өсе түсті. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, қазір ол 30,4 трлн теңгені құрайды. Бір айда өсім – 1,3%.

Сонымен қатар, қазақстандықтар теңгемен 24,5 трлн сақтайды (+2%), ал шетел валютасында – теңгеге шаққанда 5,9 трлн. "Долларлық" үлес маусыммен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді.

Жинақтардың басым бөлігі мерзімді және мерзімсіз салымдарда сақталады: ұлттық валютада 19,4 трлн теңге, ал шетел валютасында 4,7 трлн теңге. Жинақ шоттарында – тиісінше 2,6 трлн және 27,4 млрд теңге.

Банктердің жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне келсек, Ұлттық банк мәліметінше, бір айда ешқандай өзгеріс болған жоқ – орташа нарықтық сыйақы пайызы әлі де 14,7% құрайды. Шетел валютасында – 0,9%.

Бұған дейін қазақстандықтардың барлық депозиттерінің жартысына жуығы қалдығы 15 млн теңгеге дейінгі шоттарға тиесілі екенін жазғанбыз.