Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Мақсаты: Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: көкөніс, жеміс жидектер суреті, әріптер, слайд
Әдіс - тәсілдері:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
2. Негізгі бөлім
Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
- Оқушылар бізге не естіліп тұр?
- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.
- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.
Дыбыс түрлері нешеу?
1 - жаттығу. Суретке назар аударайық.
Суреттен көкөністерді атайық
Жеміс - жидектерді атайық. Осы сөздерде қанша дыбыс, қанша дыбыс, қанша әріп бар?
2 - жаттығу. Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар, сонан соң жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
Әр топтан 2 сөзге сөйлем құрау.
Сергіту сәті.
Сөз құрау (4 оқушы)
Алма, амал, мата, тал, тас, таса, мал, ала, сат, атам
3 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Алақай,
Алақай –
Шаттанды,
Балақай:
Сабақты Сағындық,
Мектепке
Ағылдық.
Бір сыныпқа
Көштік біз,
Бір жасқа.
Өстік біз,
Береке –
Салты күз,
Мереке –
Алтын күз Алақай, мектеп, береке, сөздеріне дыбыстық талдауды 5 қатарға үш сөзді талдату.
5 - жаттығу. Логорифті оқы.
Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?
Сөздердің мағынасы өзгерді.
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Тағы да қандай әріп жалғасақ басқа сөздер пайда болуы мүмкін?
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Сөздерге әріптер қосылған сайын, мағыналары өзгере береді, жаңа сөз пайда болады.
Қосымша материал
Қай дыбыс әрпі аттық екенін анықта.
Қорытынды. Тест арқылы бекіту.
Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. 4 - жаттығу
Дыбыс және әріп
Тақырыбы: Дыбыс және әріп
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз843 қаралым
#қазақ тілі#бастауыш сынып#дыбыс және әріп
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

