Әлемге әйгілі қазақстандық әнші, продюсер және композитор Димаш Құдайберген Гвадалахарадағы жеке концертінің видеосын жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жаңа жазба әртіс Instagram парақшасында пайда болды: ол Гвадалахарадағы концертке келген көрермендерге алғыс айтып, DIMENSIONS атты жаңа әлемдік туры аясында өткен шоуынан кадрлар көрсетті. Гвадалахарадағы кеш 17 қарашада өтті.
«Рақмет саған, Гвадалахара, барлығыңды жақсы көремін», — деп жазды қазақстандық әртіс.
Кадрларда Димаш сахнаға шыққанда залдың оны қалай қарсы алғаны, оның музыкаға беріліп, келген адамдардың әрқайсысына махаббат сыйлауға тырысып, көрермендермен қалай сөйлескені көрінеді. Жанкүйерлер өз кезегінде сүйікті әртісіне қошемет көрсетіп, күлкі, гүл мен естелік сыйлықтар тартып, оның есімін ұрандатады.
«Бұл керемет болды», «Қандай тамаша шоу», «Осы ұмытылмас кештен кейін жанкүйерлерің қайтадан сиқырлы дауысыңның астында болып, шексіз махаббатын тағы да мойындауға асығады», «Өмірімдегі ең үздік концерт, жақында қайта ораласың деп үміттенемін», «Керемет шоу», — делінген фолловерлердің пікірлерінде.


