Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан ағасы ұйымдастырған челленджге қатысып, оның жаңа «Акерке» әніне Франциядағы Мон-Сен-Мишель аралында биледі, деп хабарлайды infohub.kz.
Кәсіпкер Құдайберген ұйымдастырған байқауды қолдады. Шарт бойынша «Акерке» әніне билейтін бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге жариялау керек. Ең көп қаралым жинаған жеңімпаз әншінің келесі бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады.
«Мен байқауға қатыспаймын, биші емеспін, бірақ ағама қолдау көрсету — менің парызым. Уақыт аз қалды, челленджге үлгеріңіздер», — деп жазды Раушан бейнероликтің сипаттамасында. Ол түсірілім 40 градус ыстықта өткенін айтып, жазылушылардан би шеберлігін қатаң бағаламауды өтінді. Бейнеролик Мон-Сен-Мишель аралындағы ортағасырлық монастырь фонында түсірілген.
Бейнеролик 43 мыңнан астам лайк жинады. Пайдаланушылар түсініктемелерде Раушанды мақтап, оны жеңімпаз деп атайды. «Димаштыкіндей челлендж шықты, жарайсың, Раушан», «Ағасының отбасы әрқашан қолдайды. Ол мұны керемет, заманауи және дәстүрлі етіп жасады», «Тамаша! Димаштың жаңа бейнебаянында міндетті түрде Раушан түседі және дәл осы жерде!» — деп тәнті болды жазылушылар.
Димаштың өзі бейнероликке «сүйікті қарындасым, жүрегім» деп пікір білдірді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген қазақ халық әні «Акеркенің» өңдеуіне арналған жаңа бейнебаянының кадрларын көрсетіп, онда қауіпті трюк болғаны хабарланған еді.


