Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін жаңа музыкалық сыйымен қуантты: ол түрік тіліндегі әнін шығарды, әнінің музыкасын өзі жазды, деп хабарлайды infohub.kz.

Әртіс әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық жанкүйерлеріне көп жылғы қолдаулары үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, түрік тіліндегі жаңа әнінің музыкасын ол өзі жазған. «Бізді бала кезімізден әнші өз көрерменінің сүйіспеншілігіне бөленуі керек деп үйретті. Бірақ маған бұл көрермен кейде әлемнің екінші шетінде болатынын ешкім айтпады. Сондықтан бүгін менің түрік тіліндегі жаңа төл әнім "Yazgı" шығады. Соңғы 10 жыл бойы әрқашан жанымда болған барлық қымбатты жанкүйерлеріме рахмет. Дәл сіздердің арқаларыңда мен жұмысымды жалғастырып келемін. Келесі әнімді қай тілде тыңдағыларың келеді? Дауыс беріңіздер, мен сіздердің тілектеріңізді естігім келеді», — деді әнші жанкүйерлеріне.

Әр елдерден келген жанкүйерлер бұл жаңалыққа белсенді түрде жауап берді. «Әдемі әуен! Біз испан тілінде жаңа ән сұраймыз», «Ал мен тағы түрік тілінде тыңдар едім», «Бізге қандай тамаша сыйлық», «Димаш, сен кереметсің», «Музыканың жүректе сезіну үшін кедергісі, шекарасы, тілі жоқ», — деп жазды олар пікірлерде.