Сабақтың мақсаты:
а) Орта ғасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным - сенімдер туралы ислам
дінінің таралуы, оның мәдениеттік дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру.
ә) Әр түрлі діни бағыттардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету.
Б) Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазіргі сәндік қолданбалы өнер туралы не білесіңдер?
2. Айша - бибі, Арыстан - баб, Бабаджа-қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесіңдер?
3. Көне Мәдени ескерткіштердің тарихымен танысу, оларды қастерлеу не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары
1. Ислам дініне дейінгі діни наным - сенімдер
2. Ислам дінінің таралуы
3. Ислам дінінің мәдениеттік дамуына тигізген әсері
Жаңа сабақты түсіндіру
А) Мұғалімнің сабақты баяндауы
ә) Интерактивті тақтамен жұмыс
Ислам діні туралы кестемен таныстыру
Ислам діні таралғанға дейінгі діни наным сенімдер
Будда діні
Христиан
Манихейлік
Зороастра
«Миға шабуыл»
1. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?
2. Ислам діні қай кезде қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
3. Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
4. Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
Берілген ұғымдардың мағынасын табу
Зороастризм - ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні
Зорастрлық фарн - ертедегі парсылардың үй жануарларына табынған наным - сенімдері
Тотем - адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім.
Ұмай ана - ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі)
Ислам - дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі.
Құран - мұсылман қауымының ең басы, қасиетті кітабы
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
«Ислам» сөзжұмбақ шешу
1. Ертедегі шығыс халықтарының тарының дуалистік діні - зороастризм
2. Қарахан мемлекетінің - негізін салушы - Сатұқ
3. Дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі - Ислам
4. Ислам дінінің бес парызының бірі - Намаз
5. Жібек жолы бойымен Иранда III ғасырда қалыптасқан дін – Манихейлік
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 20
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
а) Орта ғасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни наным - сенімдер туралы ислам
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз727 қаралым
#тарих#дін және мәдениет#исламның таралуы#исламтану
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

