Қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжан жұбайы — кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен бірге Швейцарияға жасаған сапарынан алған әсерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Жұп Люцерн көлінің үстіндегі Бюргеншток тау курортында орналасқан Еуропаның ең биік әрі ең жылдам ашық панорамалық лифтісі — Хамметшвандқа көтерілуді жоспарлаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Бұл инженерлік аристократтың тарихы 1905 жылы басталды. Көз алдыңызға елестетіңіз: ұзын көйлектер мен алғашқы автомобильдер дәуірі, ал мұнда жолаушыларды 153 метр биіктікке көтеретін лифт салынып қойған. 20 ғасырдың басы үшін бұл — біз үшін қазіргі жасанды интеллект сияқты нәрсе», — деп жазды тележүргізуші.
Оның айтуынша, бір ғасырдан астам уақыт бойы Хамметшванд Софи Лорен, Одри Хепберн, ықпалды саясаткерлер, тіпті Джеймс Бонд үшін аспан көлігі болған. Алайда Динара мен жұбайы оған бару мүмкіндігінен құр қалды, бірақ бұл олардың көңілін түсірмеді.
«Біздің швейцариялық тарихымызда, расымен де, басқа сюжеттік бұрылыс болды: лифт жабық. Дегенмен біз бүкіл тауды аралап шығып, керемет панорамаларға тамсандық. Хамметшванд, біз әлі де ораламыз!» — деп атап өтті Динара.


