Әнші әрі актриса Дженнифер Лопес актер Бен Аффлекпен ажырасқаннан кейін жалғыздықты қалай бастан өткеріп жатқанын ашық әңгімеледі. Ол бұрын некелерден тұрақтылық іздегенін, ал қазір өткен қателіктерге қарамай өмірді қабылдауды үйреніп жатқанын мойындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
17 қарашада шыққан Friends Keep Secrets подкастының шығарылымында әртіс жеке өмірі мен Аффлектен айырылғаннан кейінгі сезімдері туралы ой бөлісті. Оның айтуынша, атақ-даңққа жиі жалғыздық сезімі қосылады: сырттан қарағанда айналада үнемі адам көп сияқты көрінеді, бірақ шын мәнінде іштей бос кеңістік сезіледі.
Лопес бұрын жұмыс немесе жеке пайда үшін емес, шынайы байланыс үшін қасында болатын адамды кездестіргісі келгенін атап өтті. Өзін «сериялық моногамист» деп атаған әнші тірек пен тұрақтылық табу үмітімен бірінен соң бірі қарым-қатынасқа түскенін түсіндірді.
Аффлекпен некесі 2022 жылдан 2025 жылға дейін созылды. Айырылысқанына қарамастан, әнші екі отбасын біріктіріп, актердің бұрынғы әйелі Дженнифер Гарнерден туған үш баласымен араласу оған жайлы болғанын атап өтті. Қазір жұлдыз бос әйел мәртебесін қабылдап, ажырасудан өтіп жатқандарға кейін өкінбей, өз әрекеттерімен мақтанатындай болуды кеңес етеді.


