Лос-Анджелес округінің Жоғарғы соты актриса Джессика Альбаны бұрынғы күйеуі Кэш Уорренге 570 мың доллардан астам қаражат аударуға міндеттеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Сот шешіміне сәйкес, 45 жастағы актриса 47 жастағы продюсер Кэш Уорренге Альбаның HonorBar компаниясына қатысты пайданы бөлу жоспары аясында 577 481 доллар төлейді.

Сонымен қатар Альба Уорренге өзінің компаниясына қатысты аталған сомадан тыс қандай да бір қосымша төлем жасауға міндетті емес. Бұл сома төлем күніндегі инвестициялық пайда немесе шығын ескеріле отырып түзетіледі.

Джессика Альба мен Кэш Уоррен 2008 жылдан 2025 жылға дейін некеде болды. Олардың үш баласы бар: 18 жастағы Онор Мари Уоррен, 15 жастағы Хейвен Гарнер Уоррен және 8 жастағы Хейз Альба Уоррен.

Жұбайлар 2004 жылы режиссер Тим Сторидің ассистенті болып жұмыс істеген Уоррен қатысқан «Фантастикалық төрттік» суперқаһармандық фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Жұп 2024 жылы ажырасып, 2025 жылдың қаңтарында актриса Лос-Анджелес округінің сотына ажырасу туралы арыз берді. Себебі ретінде ол келіспеушіліктерді және ажырасу күнін — 2024 жылдың 27 желтоқсанын көрсетті.