Ресей боксшысы Дмитрий Бивол қолына ота жасатқанын мәлім етті. Спортшы ауруханадан түсірілген суреттерді бөлісті, деп хабарлайды infohub.kz.
Бивол Instagram-дағы парақшасында клиникадан фото жариялады. Онда ол дәрігерлердің ортасында, қолы отадан кейін таңылған күйде тұр.
«Шынтаққа жоспарлы ота артта қалды. Бәрі жақсы өтті. Қолдау көрсеткендерге, хабарламалар мен жылы сөздеріңізге рахмет», — деп жазды Дмитрий суреттің астына.
РИА Спорттың жазуынша, күндердің күнінде Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Дмитрий Биволдың Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) желісі бойынша міндетті қорғаныс жекпе-жегінен бас тартатынын хабарлаған. Бұған дейін ұйым жеңіл ауыр салмақтағы белбеу үшін міндетті үміткер Каллум Смитке қарсы жекпе-жек өткізуге рұқсат берген.


