- 13 сәу. 2018 00:00
- 266
DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет
Егер сізде сайттардың ашылуында қиындықтар туындаса, келесі әдісті байқап көріңіз.
DNS-кеште сіз кірген сайттың IP-мекенжайы болады. Ол сайтқа қайта кірген кезде тезірек жүктелу үшін керек. Егер сайт дұрыс көрінбесе немесе жүктелмесе, онда барлық мәселе компьютеріңіздегі DNS-кештің ескірген мәліметтерінде болуы мүмкін. Қуанышымызға орай, оны тез түзетіп алуға болады.
Windows
1 - Win + R пернелерін басыңыз.
2 - Ашылған мәзірде cmd деп жазыңыз.
3 - Бұйрық жолы ашылған кезде ipconfig/flushdns
деп енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
4 - Содан кейін «DNS салыстырушының кеші сәтті тазартылды» деген жазу шығады.
OS X
Apple-дің операциялық жүйесінде барлық бұйрықтар «Терминалға» енгізіледі. Оған ең оңайы Spotlight арқылы кіру: оң жақ жоғарғы бұрыштағы іздеу белгішесін басыңыз.
Оны басқаша табуға да болады: Finder-ді ашыңыз → «Бағдарламалар» → «Утилиталар» → «Терминал».
Енді бұйрықтарды көрсету керек. Ол сіздегі операциялық жүйенің нұсқасына байланысты.
- High Sierra: sudo killall -HUP mDNSResponder; sleep 2; echo macOS DNS Cache Reset
;
- El Capitan: sudo dscacheutil -flushcache; sudo killall -HUP mDNSResponder
;
- Yosemite: sudo dscacheutil -flushcache;sudo killall -HUP mDNSResponder
;
- Mavericks: dscacheutil -flushcache;sudo killall -HUP mDNSResponder
;
- Lion & Mountain Lion: sudo killall -HUP mDNSResponder
;
- Leopard: dscacheutil -flushcache
;
- Tiger: lookupd -flushcache
.
Осыдан кейін құпиясөзді енгізіп, macOS DNS CacheReset деген жазуды күту ғана қалады.