6 қыркүйекте Алматы, Астана және Шымкент айырбас пункттерінде шетел валютасының орташа өлшенген бағамдары белгіленді. Үш қалада долларды сату бағасы 457,65-тен 460 теңгеге дейін өзгерді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Алматыда американ валютасын орта есеппен 455,69 теңгеден сатып алып, 457,65 теңгеден сатады. Еуроны 528,14 теңгеден қабылдап, 532,76 теңгеден сатады. Ресей рублін 5,15 теңгеден тапсыруға, 5,27 теңгеден сатып алуға болады.

Астанада долларды сатып алудың орташа бағамы 453 теңге, сату бағамы – 460 теңге. Еуроны 525 теңгеден сатып алып, 535,01 теңгеден сатады. Ресей рублі үшін тиісінше 5 теңге және 5,27 теңге бағамдары белгіленген.

Шымкент айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 455,79 теңгеден қабылдайды. Американ валютасын сату 457,88 теңгеден жүргізілуде. Еуроны 528,71 теңгеден тапсыруға, 533,48 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің орташа бағамы сатып алуда 5,17 теңге, сатуда 5,23 теңгені құрайды.

Үш қаланың ішінде жарияланым сәтінде долларды сатудың ең жоғары орташа бағамы Астанада тіркелді – 460 теңге. Алматыда ол 457,65 теңгені, Шымкентте – 457,88 теңгені құрайды. Айырбас пункттеріндегі валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.