Қолма-қол доллар Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбас пункттерінде ресми бағамнан тағы да алшақтап кетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазақстан Ұлттық банкі 18 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Доллар 469,83 теңге, еуро 536,83 теңге, ресей рублі 5,97 теңге деңгейінде белгіленді. Алайда Астана, Алматы және Шымкент айырбас пункттерінде өз бағамдары қолданылады.
Kurs.kz дерегінше, Алматыда долларды орташа 471,24 теңгеден сатып алып, 473,38 теңгеден сатады. Еуро 537,59–542,94 теңге, ресей рублі 5,67–5,81 теңге аралығында саудалануда. Астанада долларды орташа 468,00 теңгеден сатып алуға, 475,00 теңгеден сатуға болады. Еуро 535,00–545,00 теңге, рубль 5,72–5,92 теңге аралығында айырбасталады. Шымкентте доллар бағамы 471,14–473,18 теңге, еуро 537,02–541,96 теңге, ресей рублі 5,67–5,74 теңгені құрайды.
Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша теңге нығайды. Доллардың орташа өлшенген бағамы 469,83 теңге деңгейінде қалыптасып, бұл алдыңғы сессия көрсеткішінен 2,24 теңгеге төмен болды.


