Апта ішінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 7 теңгеге жуық төмендеді: Қазақстан қор биржасында (KASE) 17 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа өлшенген бағамы 470,54 теңгені құрады, бұл алдыңғы күннен 1,53 теңгеге аз, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

16 шілдеде KASE-де доллар бағамы 472,07 теңге деңгейінде тіркелді. Осылайша, апта ішінде (13-17 шілде аралығында) ұлттық валюта 7,28 теңгеге нығайды: дүйсенбіде бағам 477,11 теңге болса, жұмаға қарай 470,54 теңгеге дейін төмендеді.

Сауда барысында доллардың ең төменгі бағамы 468,75 теңге, ең жоғарысы 473,58 теңге болды. Жабылу бағамы 471,66 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауданың жалпы көлемі 359,7 млн долларға жетіп, 1 055 мәміле жасалды.

Kurs.kz порталының дерегінше, жарияланған кезде Астанадағы айырбас пункттерінде долларды ең көп дегенде 475 теңгеден, Алматыда 474 теңгеден сатқан.

Қазақстан Ұлттық Банкінің 17 шілдедегі ресми бағамы 472,34 теңге болып белгіленді. Есептеу тәртібіне сәйкес, 18-20 шілде аралығындағы ресми бағам 470,54 теңгені құрайды.