Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ауданы
Геометрия 9 сыныбы
Сабақтың мақсаты: Дөңгелектің ауданымен таныстырып, есептер шығарғанда қолдана білуге үйрету.
Оқыту нәтижелері: Дөңгелектің ауданымен танысып, есептер шығаруға дағдыланады.
Түйінді идея: Математиканың тілі - ол формула.
"Мен сізді теңеймін..." тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.
«Қайталау - оқу анасы»
Шаттық шеңберіне тұрып, көршілеріне теңеу айтады.
Шеңбер – барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын R кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан (барлық шеңбер үшін бірдей) болады. Бұл қатынас гректің π=3, 14159… (қ. Пи саны) әрпімен белгіленеді. π саны трансцендент санға жатады. Шеңбер ұзындығы L=2πR формуласымен анықталады. Жазықтықтың шеңбермен шектелген және центрі бар бөлігі дөңгелек аталады;
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін мынадай тапсырма беремін:
1. Түрлі – түсті қағазға кез келген радиуспен шеңбер сызыңдар;
2. Дөңгелекті 6 секторларға бөліп, оларды қиыңдар.
3. Бір секторда радиус жүргізу арқылы тағы тең екіге бөліңдер, бұларды шеткі деп атайық..
4. Картон қағазға түзу жүргізіңдер де, оның бойына суреттегідей секторларды жапсырыңдар. Шеткі секторларды шетіне жапсырыңдар.
Шыққан фигура тік төртбұрышқа ұқсайды. Ендеше оның ауданын тік төртбұрыштың ауданы формуласымен табуға болады. Біздің тік төртбұрышымыздың ені дөңгелек радиусына тең, ал ұзындығы шеңбердің ұзындығының жартысына тең. Тік төртбұрыштың ауданы ені мен ұзындығының көбейтіндісіне тең, ендеше Тік төртбұрыш дөңгелек бөліктерінен құралғандықтан олардың аудандары тең.
Ендеше дөңгелектің ауданы V=πR²- қа тең.
Оқулықтағы есептерді топта отырып шығарады.
Шеңбердің ұзындығы, пи саны, дөңгелектің ауданы формулаларын жасырып ойнайды. Бір оқушы басын айтады, екінші оқушы жалғастырады.
«блоб ағашын» белгілеу арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін байқаймын.
Дөңгелектің ауданы. жүктеу
Дөңгелектің ауданы
Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ауданы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз683 қаралым
#дөңгелек#төртбұрыш#қысқа мерзімді жоспар#сабақ жоспары геометрия#дөңгелектің ауданы
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

