Дубайдан Тель-Авивке ұшқан FlyDubai әуекомпаниясының ұшағы қауіп сигналын берген кездегі бортта түсірілген кадрлар интернетте тарады. «Голос Израиля» Telegram-арнасы жариялаған бейнежазбада жолаушылардың қону барысында ән салып, қол соғып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«FlyDubai ұшағынан Сауд Арабиясында қону кезінде түсірілген алғашқы кадрлар, израильдіктер алғыс әндерін айтуда: "Од Авину Хай!" ("Әкеміз әлі тірі", Берешит кітабы). Бүгін үлкен керемет болды!» — делінген арна жарияланымында.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Boeing 737 жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясы үстінен бұрылыс кезінде апаттық жағдай туралы сигнал бергені туралы мәліметтер пайда болды. Әуе кемесі ұрлау немесе заңсыз араласу дегенді білдіретін 7500 кодын берген.

Израиль Әскери-әуе күштерінің истребительдері ұшаққа қарай көтерілді. Кейін әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды.

Кейінірек Flydubai әуекомпаниясы израильдік теледидарға Дубай — Тель-Авив рейсінде ұшқыштар арасында бортта төбелес болғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ экипаж екі ұшқыштан тұрғанын, біреуі Ресейден, екіншісі Украинадан екенін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі FlyDubai әуекомпаниясының қауіп сигналын берген ұшағындағы төтенше жағдайға жауап берді.

Кейін ұшақтан алғашқы кадрлар пайда болды. Сондай-ақ FlyDubai ұшағы ұшқыштарының азаматтығы туралы тағы бір нұсқа айтылды. Ресей және Украина азаматтығы туралы нұсқадан кейін ұшқыштардың Оман және БАӘ азаматтығы бар екені туралы деректер шықты.