Telegram негізін қалаушы Павел Дуров өзінің ресми Telegram-арнасында 19 қарашада әлемдік релизі өткен Grand Theft Auto VI ойынының сценарийі туралы әзіл жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«GTA VI-дағы ең шынайы емес нәрсе — Джейсон мен Люсияның Telegram-да бірде-бір тобы болмаса да, бүтін бір қылмыстық схеманы жүзеге асыруы», — деп жазды Дуров.
Еске салайық, 13 жыл әзірленген GTA 6 ойынының әлемдік релизі 19 қарашада жергілікті уақыт бойынша түн ортасында әртүрлі аймақтарда басталды. Оқиға ойдан шығарылған Леонида штатында өрбиді. Сюжеттің орталығында сәтсіз тонаудан кейін қылмыстық айла-шарғыға тартылған басты кейіпкерлер Джейсон Дюваль мен Люсия Каминос бар. Жоба Metacritic-те 99 балл жинап, тарихтағы ең жоғары бағаланған ойын рекордын қайталады.
Бұған дейін қазақстандықтар PlayStation 5 Slim консольін дүкендерде 303 992 теңгеден, маркетплейстерде 315 000 теңгеден сатып ала алатыны, ал Xbox Series S 180 900 теңгеден қолжетімді екені хабарланған. GTA 6 ойнау үшін ең аз бюджет 215 мың теңгеден (Xbox Series S және ойын), ал PS5 Slim-дегі оңтайлы нұсқа 355 мың теңгеден басталады.


