Сабақтың тақырыбы: Диктант Қыс.
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу;
ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету;
білімдерін тексеру; қос дыбысты әріптердің жазылуын пысықтау. Оқушылардың сөздік қорын арттыру,
б) дыбыстарды ажырату дағдысын қалыптастыру, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге машықтандыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: мәнерлеп оқу, түсіндіру, бақылау,
Көрнекілігі: диктанттар жинағы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Дәптерлерін үлестіріп беру.
Қыс.
Қыс мезгілі. Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті - қолымды жуамын, сүртемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, үстіме жылы пальто, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(51 сөз)
Тапсырма:
1. Бастауыштың астын сызыңдар.
2. Бесінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Сергіту сәті:
Бекіту. Дәптерлерін жинап алу.
Диктант. Қыс туралы.
Сабақтың тақырыбы: Диктант Қыс.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1407 қаралым
#қыс мезгілі#диктант#қос дыбысты әріптердің жазылуы#сауатты әрі әдемі жазу
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

