Американдық актер әрі музыкант Джаред Лето BBC-дің «Джаред Лето: Голливудтың қара сыры» атты жаңа деректі фильмінде айтылған жыныстық зорлық-зомбылық және орынсыз мінез-құлық туралы айыптарды толықтай жоққа шығарды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Мен өмірімде ешкімді жыныстық зорлыққа ұшыратпадым. Бұл айыптар мүлдем жалған әрі негізсіз», — деді актер.

Фильмде төрт әйел актерді жыныстық сипаттағы әрекеттерге кінәлады. Олардың айтуынша, оқиғалар 2002-2016 жылдар аралығында, олар жасөспірім кезінде, ал Лето 30-40 жаста болғанда орын алған. Айтылған айыптардың ішінде жыныстық зорлық-зомбылық, қорқыту, әдепсіз телефон сөйлесулері және кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас бар.

BBC дерегінше, кейбір оқиғаларды хат алмасу, фотосуреттер және сол кезде әйелдер өздерінің басынан өткергенін айтқан адамдардың куәліктері арқылы ішінара растау мүмкін болды. Фильмге қатысқан тағы бірнеше әйел Летодан жыныстық сипаттағы қоңыраулар алғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Джаред Лето Қазақстанда екі рет — 2024 және 2025 жылдары концерт берген. Бір өнер көрсетуінде ол Алматыдан үй сатып алуға қарсы емес екенін меңзеген еді. Сондай-ақ актер Астанадағы бір сәбидің құдасы болуға дайын екенін айтқан болатын.