Голливуд актері әрі жекпе-жек шебері Джеки Чан Қазақстанда «Құдай сауыты» франшизасының соңғы бөлімін түсіруді аяқтап, елден кетіп қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қаскелеңдегі Dala Stage кино павильонының бас директоры Мақсат Кикимов актердің бейнеүндеуін жариялады. Оның жұбайы Зере Шәкерхан, кәсіпкер Мұратхан Тоқмадидің қызы, әлеуметтік желілерде жұлдызға арналған кешкі ас көріністерін жариялап жүрді.

Бейнежазбада каскадер әрі боевиктер актері Қазақстанда өзін ерекше адам ретінде сезінгенін мойындады.

«Ешбір елде мен соншама көп сыйлық алған емеспін. Қазақстанда өте көп нәрсе алдым: соншама киім, бас киім, пышақ — не жоқ десеңіз! Мен өте бақыттымын. Қайтып келгенде, тек Қазақстаннан келген сыйлықтарға арнап кішкене бөлме бөлемін. Барлық ел тұрғындарына рақмет», — деді Джеки Чан.

Кикимовтың айтуынша, Salem Entertainment компаниясымен бірге актер түсірілімде төрт айға жуық уақыт өткізді — 15 маусымнан 7 қазанға дейін.

«Бұл Қазақстандағы керемет әрі ұмытылмас күндер болды! Барлығы үшін саған рақмет, Джеки!», — деп жазды Кикимов.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Қазақстаннан бөлек фильмнің жекелеген сахналары Әзірбайжанда да түсірілгенін хабарлаған болатын.