Американдық актер әрі музыкант Джаред Лето BBC деректі фильмінде өзіне қатысты айтылған жыныстық зорлық айыптауларын жоққа шығарды, — деп хабарлайды infohub.kz.
29 шілдеде PEOPLE басылымына жолданған мәлімдемесінде әртіс барлық айыптауларды қатаң түрде жоққа шығарды. «Мен өмірімде ешқашан ешкімге жыныстық зорлық жасаған емеспін. Бұл мәлімдемелер мүлдем және қатаң түрде жалған», — деп атап өтті Лето.
Бұған дейін BBC тергеу жариялап, онда төрт әйел Thirty Seconds to Mars тобының фронтменін кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыптаған. Оның біреуі 17 жасында мотелде зорлық көргенін мәлімдеген. Тағы біреуі 19 жасында актер қонақүй бөлмесінде өзіне сексуалдық зорлық көрсетумен қорқытқанын айтқан. Үшінші әйел Калифорнияда 17 жасында Лето-мен интимдік қарым-қатынасқа түскенін, ал төртіншісі 16 жасында басталған ұятсыз телефон қоңыраулары туралы хабарлаған. Журналистер тағы төрт әйелдің жас кезінде актермен телефон арқылы сексуалдық әңгімелер жүргізгенін айтқанын атап өтті.


