EasyJet әуекомпаниясының Тенерифе (Испания) курортынан Ливерпульге (Ұлыбритания) ұшқан рейсі борттағы жаппай төбелес салдарынан әуеде кері бұрылуға мәжбүр болды, деп хабарлайды infohub.kz.

Lenta.ru дерегінше, ұшып шыққаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң экипаж төбелес ұйымдастырған бұзақылардың кесірінен ұшып шыққан әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонған соң оны полиция қызметкерлері күтіп алған.

Әлеуметтік желілердегі Испаниядан шыққан бір пікір білдіруші: «Ұлыбританияға ұшатын немесе одан келетін ұшақтардың мұндай қауіпсіздік мәселелеріне тап болуының көптігіне таң қалдым. Ұят-ай», – деп жазған.

Әуекомпания өкілі оқиғаны растап, компания өз қызметкерлеріне қатысты деструктивті мінез-құлыққа жол бермейтінін мәлімдеді.