Демократиялық Конго Республикасы мен Угандадағы Эбола қызбасынан қаза тапқандар саны 1000-нан асты, деп хабарлайды infohub.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 21 шілдедегі жағдай бойынша қаза тапқандардың жалпы саны 1001-ге жетті: 999-ы — Конго ДР-да, 2-еуі — Угандада. Жұқтырудың расталған жағдайлары 2494-ті құрайды.
Індет 15 мамырда Уганда мен Оңтүстік Судан шекарасындағы Итури провинциясында басталды. 17 мамырда ДДҰ жағдайды денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Таралып жатқан «Бундибугио» штамына қарсы бекітілген емдеу әдістері мен вакциналар жоқ. Жұқтырғандарға паллиативтік көмек көрсетіледі: оқшаулау, сұйықтықтың жоғалуын толтыру және ауырсынуды басу.


