Қазақстандықтарды eGov және басқа мемлекеттік қызметтердің 18-19 шілдеде уақытша қолжетімсіз болатыны туралы ескертеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. «Осыған байланысты 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ сүйемелдеген жобалардың қолжетімсіз болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Қолайсыздықты болдырмау үшін «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды ұсынады.