ӨлеңдерЕкі бетің, сұлу қыз
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 28 сәуір690 қаралым
(Гейнеден)
Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс.
#қыз#екі#сұлу#мағжан жұмабаев өлеңдері#мағжан#жұмабаев#аударма#бетің#гейне#екі бетің#сұлу қыз