Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Екі нүктенің арақашықтығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрету және есептер шығарғанда пайдалана білуге дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Оқушыларды тікбұрышты координата жүйесінде екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдалана білуге үйрету және білім дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, формулаларды пайдалану арқылы жүйелілікке, нақтылыққа, жетістігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Демонстрациялық баяндау, сұрақ - жауап, дамыта деңгейлеп оқыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Танымдық - теориялық білім беру..
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйге берілген есептерді тексеру
Есептің дұрыс шешімі мен шығару жолы тақтада жазылып тұрады, сол арқылы оқушылар бір - бірін тексереді.
2. Қайталау сұрақтары:
1) Пифагор теоремасын жатқа айт;
2) Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт;
3) Кесіндінің бір ұшы мен ортасының координатасы берілсе, екінші ұшының координатасы қалай табылады?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Координаталық түзу салып, А(3), В(9) нүктелерін белгілеп, АВ кесіндісінің ұзындығын табамыз: А В ІАВІ=6
3 9
Яғни, А(х1), В(х2) болса ІАВІ =Іх2 - х1І
Ой тастау:
Координаталық жазықтықта А(х1; у1) және В(х2; у2) нүктелері берілсін.
Берілген координаталары бойынша олардың арақашықтығын анықтайық. А және В нүктелерінен координаталық осьтерге параллель түзулер жүргізіп, қиылысуын С нүктесімен белгілеңдер.
Ой тастау:
У А 1) х1≠ х2, у1 ≠ у2 жағдайын қарастырамыз:
С В А мен С нүктелерінің арақашықтығы Іу2 - у1І мәніне тең, ал
О х С мен В нүктелерінің арақашықтығы Іх2 - х1І мәніне тең. АВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырамыз:
Түйінді шешу:
Пифагор теоремасы бойынша: АВ2=АС2+ВС2 сонда, АВ2=(х2 - х1) 2+(у2 - у1) 2
Іс – әрекет:
А(1;- 2), В(- 2; 2) болса, А және В нүктелерінің арақашықтығын табайық:
АВ2= (- 2 - 1) 2+(- 2 - 2) 2=9+16=25, АВ=5
Санаға сіңіру:
1) Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесі мен Р(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса: ОР2=х2+у2
2) Егер екі нүктеде абсцисса осінде жатса: d=Ix2 - x1I
3) Егер екі нүктеде ордината осінде жатса: d=Iy2 - y1I
Нәтиже: Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы олардың сәйкес координаталарының айырымдарын квадраттап қосып, одан квадраттық түбір тапқанға тең.
Екі нүктенің арақашықтығының формуласы:
Ұғындыру мысалдары:
1 - мысал: А(2; 5), В(- 1;- 3). Шешуі: АВ=
2 - мысал: Х осінің бойынан (1; 2) және (2; 3) нүктелерінен бірдей қашықтықтағы нүктені табу керек.
Шешуі: (х: 0) нүктесі - ізделінді нүкте болсын, сонда: (х - 1) 2+(0 - 2) 2= (х - 2) 2+(0 - 3) 2
Бұдан х=4, ізделінді нүкте: (4; 0)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Әр оқушыға екі нүктенің координатасы жазылған, арақашықтығын табуға кеспе парақша берем, жауабын ауызша аламын.
V. Есептер шығарту.
Оқулықтан №№178 - 182
VI. Қорытындылау. Тесттік тапсырма.
VII. Үйге тапсырма: §14. №183, 185, 186 - есептер
VIII. Бағалау.
Екі нүктенің арақашықтығы
Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз836 қаралым
#геометрия#сабақ жоспары#екі нүктенің арақашықтығы
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

