Павлодар облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, Екібастұз ГРЭС-2 корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетке 640 миллион теңгеден астам қарыз төлемегенін анықтады. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Қадағалау органы: «Тексеру актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіріп алу шаралары қабылданып, нәтижесінде ГРЭС-2 жоғарыда көрсетілген корпоративтік табыс салығы сомасын бюджетке төледі», — деп мәлімдеді.

Бас прокуратура осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын қосты.